МТРА жаңалықтары

Президент қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады,- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Шұғылалы көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мейрам елімізде 2015 жылдан бері тойланып келеді. Осы орайда Президент өзінің құттықтауында атаулы датаның маңызына тоқталып өтті. Сондай-ақ, өзінің құттықтауында: «Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі. Біз осы құндылықтардың арқасында мемлекеттігімізді жаңғыртып, түрлі сын-қатерден сүрінбей өттік»,-деген.

Алтынай Казиканова