Білім

Мектептегі оқу форматына қатысты өзгеріс

Үстіміздегі жылдың 2-ші наурызынан бастап облыс аумағындағы 1-ші мен 5-ші сынып аралығында оқитын ұл-қыздар дәстүрлі форматта оқитын болады. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифинг барысында айтылды.

Енді аталған сынып оқушылары аралас форматта білім алатын болады. Бұрын олар кезекші топта әр кабинетте 15-тен отыратын, ал енді қайтадан барлығы бірге отырмақ. Және ата-аналардың өтініші бойынша қашықтықтан оқу жүйесі де қарастырылған. Ал 6-шы, 7-ші, 8-ші және 10-сыныпта оқитындар әрі қарай онлайн форматта білім алатын болады. Оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді. Өздеріне ыңғайлы классикалық киімді кие алады.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:

– ҚР-ның бас санитар дәрігерінің ағымдағы жылы 27-ақпандағы №9 қаулысына сәйкес 2020-2021 оқу жылының 2-ші наурызынан бастап 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі оқу жалғасатын болады. Егер бір сыныпта 15 баладан артық болса, олар 2 топқа бөлініп оқымақ. Сондай-ақ, 9-шы мен 11-ші сыныптардың түлектері үшін оқыту өзгеріссіз қалады. Яғни, пәндердің 70 пайызы – штаттық режимде, 30 пайызы қашықтықтан оқиды.

 

 

 

Алтынай Казиканова