МТРА жаңалықтарыТЖ

Өңірде өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр

Сақтансаң, сақтайды! Өңірде өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр. Шара аясында М.Жұмабаев ауданында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері волонтерлермен бірге жер үйлерді аралап, тұрғындарымен жүздеседі. Негізінен, зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлінуде. Ішімдікке әуес жандар да басты назарда. Мамандар оларға пешті дұрыс қолдану қажеттігін жіті түсіндіріп, қолдарына жаднама ұстатады. Бұл шара наурыздың 5-іне дейін жалғасады.

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жергілікті телекоммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мамандар көрсетілетін қызметтерді электронды форматта жетілдіру жайлы сөз қозғады.

Өтініштер және оған жауап “Е-лицензиялау” веб-порталы арқылы беріледі. Үстіміздегі жылдың бірінші айында басқармаға 40-тан астам өтініш келіп түскен. Оның 15-і – лицензиялау, қалғаны аттестаттауға қатысты. Биылғы қаңтарда өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 6 есеге көп.

Біржан Көшербаев – СҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

–  Өткен жылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Соның аясында өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары пайда болды. Мұнда қызмет алуға өтініш те беруге болады, қажет ақпаратпен танысуға да мүмкіндік бар.

Алдияр Айтпаев