Билік

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артуда

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жергілікті телекоммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мамандар көрсетілетін қызметтерді электронды форматта жетілдіру жайлы сөз қозғады.

Өтініштер және оған жауап “Е-лицензиялау” веб-порталы арқылы беріледі. Үстіміздегі жылдың бірінші айында басқармаға 40-тан астам өтініш келіп түскен. Оның 15-і – лицензиялау, қалғаны аттестаттауға қатысты. Биылғы қаңтарда өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 6 есеге көп.

Біржан Көшербаев – СҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Өткен жылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Соның аясында өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары пайда болды. Мұнда қызмет алуға өтініш те беруге болады, қажет ақпаратпен танысуға да мүмкіндік бар.

Алдияр Айтпаев