МТРА жаңалықтары

Қазақстандықтар ақшаларын көбіне қай банкте сақтайды

Өткен 2020 жылы еліміздің банктерінде орналастырылған бизнес-депозиттердің көлемі 22%-ға артты. Бүгінде олардың жалпы сомасы 10,62 трлн теңгеге жетіп отыр. Дегенмен де, кәсіпкерлер өз қаражатын отандық екінші деңгейлі қаржы ұйымдарының барлығына бірдей сеніп тапсыра бермейді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша бизнес-салымдарды өсіру бойынша көшбасшылар үштігіне Қазақстандағы Банк ВТБ кірді. Қаржы ұйымы бір жылдың ішінде бұл көрсеткішті 2,3 есеге арттырған. Осы орайда заңды тұлғалардың салымдары ВТБ депозиттік портфелінің 80%-дан астамын құрайтынын атап өткен жөн.

Дмитрий Забелло – Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма төрағасы:

– Бірінші кезекте біздің клиенттеріміз Standard and Poor’ s агенттігі ВТБ-ға берген «Тұрақты» болжамымен «BB+/B» жоғары кредиттік рейтингісіне бағдарланады. Бұл -қаржы институтының жоғары сенімділігін көрсететін қазақстандық банктердің арасындағы ең жоғары нәтижелердің бірі.

Жалпы, мұндай кредиттік рейтингілерді Moody’ s, Standard and Poor’s және Fitch Ratings сияқты халықаралық тәуелсіз агенттіктер береді. Және аталған агенттіктер банктің клиенттер алдындағы өз міндеттемелері бойынша қаншалықты жауап бере алатындығын да көрсетеді. Ең сенімді банктердің кредиттік рейтингілері «С» санатынан жоғары. Ал егер қаржы ұйымының рейтингі төмен болса, онда ол «D» санатына кіреді. Бұл банктің күрделі проблемалары бар екенін білдіреді.

Дмитрий Забелло – Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма төрағасы:

– Біз бүгін бизнестің басымдықтарды өзгерткенін көріп отырмыз. Енді салым салу үшін банкті таңдағанда кәсіпкерлер алдымен банктің тұрақтылығына, содан кейін депозиттің кірістілігіне назар аударады. Пандемияға дейін керісінше болды. Қазір бизнес үшін оның қаржысы қауіпсіз екендігіне кепілдік беру өте маңызды.

Егер жеке тұлға қазір ең жоғары мөлшерлемені беретін банкте салым ашуға мүмкіндігі болса, онда бизнес бірінші кезекте оның сенімділігін бағалайды. Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары мен депозиттеріне салымдарды сақтандырудың мемлекеттік жүйесі қолданылады, оның шеңберінде банк банкрот болған кезде мемлекет салымшыларға олардың ақшасын белгіленген лимиттер шегінде жалпы сомаға: жинақ депозиттері бойынша 15 млн теңгеге дейін және теңгемен басқа депозиттер бойынша 10 млн теңгеге дейін, шетел валютасымен 5 млн теңгеге дейін қайтаруға міндеттеледі. Ал бизнестің салымдарын мемлекет сақтандырмайды. Сондықтан, экономикалық қиын кезеңдерде кәсіпкерлер депозиттің кірістілігінен оның сенімділігіне назар аударды.

Елена Лебедева – Банк ВТБ (Қазақстан) Петропавл қаласындағы филиалының директоры:

– 2020 жылғы рейтингіден басқа бизнес-клиенттер банкте интернет пен мобильді банкингтің болуына ерекше назар аудара бастады. Бұл бірінші локдаун кезінде ерекше өзектілікке ие болды және әлі трендте. Біздің сарапшыларымыздың болжамы бойынша бұдан әрі қашықтықтан қызмет көрсету қажеттілігі тек арта түседі. Осы себепті, көптеген банктер, соның ішінде Банк ВТБ (Қазақстан) қазір бизнеске арналған онлайн сервистерді белсенді түрде дамытып, жетілдіріп жатыр.

Сонымен, бүгінгі таңда бизнес депозитін орналастыру үшін азаматтар банкті мынадай критерийлер бойынша таңдайды. Алдымен қаржы ұйымында жоғары несиелік рейтинг болуы тиіс. Және қолжетімді онлайн банкинг сервисі.

Лицензия АРРФР РК № 1.2.14/39 от 03.02.2020г.

Алтынай Қазиқан