Мәдениет

Жергілікті университеттің кітапхана қоры ерекше кітаптармен толықты

Жергілікті университеттің кітапхана қоры сиясы кеппеген туындылармен толықты. Петропавлға “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы аясында 23 еңбек жеткізілді.

Осыдан 4 жыл бұрын ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялаған болатын. Құжатта Елбасы “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасын қолға алуды тапсырды. Бүгін жергілікті жоғары оқу орнының кітапханасына аталған жоба аясында кітаптардың соңғы – 5-ші легі жеткізілді. Бұл жолы кітапхана қоры араб, қытай, ислам, жапон философиясы, көшбасшылық, саясат, педагогика және тағы басқа салаларға қатысты туындылармен толықты.

Ешкенова Дана