Спорт

Петропавлда суда жүзуден жарыс өтуде

Петропавлда суда жүзуден жарыс өтуде. Дода / ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. Сайысқа / “Дельфин” / балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысуда. Жарыста жеңгендер / Шымкенттегі чемпионатқа жолдама алады.

Жарыста көз ілеспес жылдамдықпен көзге түскендер көп. Солардың бірі – Яна Лукьянчикова. Бұрымды 50 метр еркін жүзу стилінде қатарластарын қапы қалдырып, 28 де 53 секунд нәтижесін көрсетті. Қазір өзінің екінші мүмкіндігін пайдалануға дайындалуда. Бұл спортпен 3 жастан бастап айналысып жүрген Яна жақында спорт шеберлігіне үміткер атағын алу үшін норматив орындамақшы.

Яна Лукьянчикова – жарысқа қатысушы:

– Суда жүзу спортымен айналысып жүргеніме 9 жыл болды. Осы уақыт аралығында талай жарыстарға барып, жүлдеге ілініп жүрмін. Бұл спорттың жылдамдығы ұнайды. Суға күмп еткеннің өзі ерекше әсер береді.

Жалпы, бұл додаға 250-ге тартта жасөспірім қатысуда. Олар жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп, 6 жолақта барларын салып, мықтыны анықтауда. Үздіктер қатарынан көрінген ұл-қыздар Шымкент қаласында өтетін чемпионатта сынға түседі.

Серік Қасымов – “Дельфин” БЖСМ директоры:

– Бұл жарысты біз ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап отырмыз. Жарыс 3 бағыт бойынша ұйымдастырылуда. 400 бен 50 метрге еркін жүзу және кешенді жүзу.

Үздіктер қатарынан көрінген жүзгіштер Шымкенттегі біріншілікке 14-ші наурызда аттанбақ. Жарыс 4 күнге жалғасатын болады.

Алдияр Айтпаев