Құқық қорғау органдары

Облыстық сот өкілдері өткен жылды қорытындылады

Былтыр / облыстағы соттарға 10 мыңнан астам азаматтық іс келіп түскен. Оның 4 мыңы татуластыру әдісімен шешіліпті. Яғни, дауласушы екі тарап өзара бір келісімге келген. Сондай-ақ, 7 аудандық сотта фронт-кеңсе ашылған. Облыстық сот өкілдері / жергілікті телекоммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2020 жылды қорытындылады.

Былтыр облыс соттарында мыңнан астам қылмыстық іс қаралған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6%-ға көп. Аса ауыр және ауыр қылмыстар саны да 55,9% -ға жиілеген. Ал қылмыстық құқық бұзушылықтар азайыпты. Статистика фактілердің 24,5% төмендегенін көрсетіп тұр.

Владимир Кириленко – СҚО соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

– Келіп түскен қылмыстық істер санының өсуі облыстағы 13 сотта байқалады. Петропавл қалалық сотында – 391, Қызылжарда – 102, Мамлют ауданында 65 іс қаралған. Ал Айыртау, Жамбыл, Тайынша, Тимирязев, М.Жұмабаев аудандарында азайған.

Өткен жылдың басында Қылмыстық кодекске бірқатар өзгертулер енгізілген болатын. Жаңа баптар бойынша 20-ға жуық іс қаралған. Олардың басым бөлігі мал ұрлығы мен жолда жүру ережелерін бұзуға қатысты. Ал есірткі саудасына қатысты 108 факті бойынша айыпты тұлғалар жазаларын алған.

Владимир Кириленко – СҚО соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

– Айта кету қажет, қылмыстық істердің 70%-ға жуығы онлайн қаралды. Алдағы уақытта тиісті материалдарды да электронды форматта жинақтайтын боламыз. Жаңа әдіске көшпес бұрын қазір дайындық жүргізіп жатырмыз.

Жиын барысында азаматтық істердің қаралуы жайлы да айтылды. Өткен 12 айда 10 мыңнан астам іс тіркелген. 6 мыңнан астам жағдай сот арқылы қаралған. Ал қалғанында екі тарапты татуластыру әдісі қолданылған екен.

Айдар Смағұлов – СҚО соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

Татуластыру рәсімдері татуластырушы судьялардың талап қою арызды қабылдауға дейін жүргізіледі. атуластыру рәсімдері институтын дамыту басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұл Жоғарғы соттың қорытынды кеңесінде айтылған.

Одан бөлек, 7 ауданда соттың жанынан арнайы фронт-кеңсе ашылған. Осылайша, облыс бойынша әкімшілік ұйымдардың саны 14-ке жетіп отыр. Оған кез келген жан шағымымен барып, мамандардан кеңес ала алады.

Ерлан Айтжанов – СҚО сотының төрағасы:

– Жұмысымыздың басты бағыттарының бірі – сот жүйесіне деген сенімді арттыру. 02:01 Бұл – біріншіден қолжетімді сот төрелігі, судьяның беделі мен әрине, түсінікті және негізді жазылған сот актісі. Осыған қоса, сот актілерінің сапасына қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр. Жаңа формат енгізілді, қылмыстық және азаматтық істер бойынша, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алғаш рет үлгілердің жинағы басылып шығарылды.

Жиын соңында мамандар сот жүйесіне енгізілген өзгерістер жайлы да кеңінен баяндады.

Маржан Қасымбек