Спорт

Өңір акробаттары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап шара өткізді

Өңір акробаттары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған спорттық шара өткізіп, өз өнерлерін көрсетті.

Батутта шыр көбелек айналу, шпагатқа отыру, жүгіріп кеп секіру. Бұл жаттығуларды солтүстікқазақстандық жас спортшылар шеберлікпен жасайды. Өздерінің бүгінгі жаттығуын еңселі егемендігіміздің кезекті мерейтойына арнап отыр. Жалпы, Петропавлдағы Спорттық акробатика бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі 2001 жылы құрылған. Қазіргі таңда мұнда 280-ге тарта ұл мен қыз қарым-қабілеттерін шыңдап жатыр. Жастарға 11 маман тәлім береді. Спорт мектебі болашақ чемпиондарды 6 жастан бастап қабылдайды екен.

Ринат Белогонов – Спорттық акробатика бойынша мамандандырылған БЖСМ директоры:

– Бізге 6 жастан келген балалалар бастапқы 2 жыл бақылауда болады. Оларға көп салмақ түсірмеуге тырысамыз. 3 жылдан кейін ұл-қыздардың қарым-қабілеттері көріне бастайды. Кейін, сол шәкірттермен жұмыс істеуге көшеміз. Қазіргі таңда біздің спортшылар республикалық, әлемдік додаларда жүлдеге ие болып жүр.

Алдияр Айтпаев