Қоғам

Жарылыс болған жатақхана қалыпқа келтірілуде

Жарылыс болған жатақханада шұғыл қалыпқа келтіру жұмыстары басталды.

Апаттың салдарынан нысанның 1-ші және 2-ші қабатындағы бөлмелер қатты зақымдалған болатын. Кейбіреуінің, тіпті, есік-терезелері қирап, қабырғалары опырылып түскен еді. Ғимараттың жарамдылығы қазір анықталып жатыр. Дегенмен, бүгіннен  шұғыл қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Асқар Хабибулин – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Қазір жергілікті “Стадия” серіктестігі нысанға сараптамалық жұмыс жүргізуде. Мамандар 1 аптаның ішінде шығын көлемін есептеп, қандай шаруа атқару қажеттігін анықтайтын болады. Жөндеу жұмыстарына қаржы қалалық бюджеттен бөлінеді. Бүгінде мұнда жылу желілері қалыпқа келтірілуде, жаңа терезелер орнатылуда.

Бисенова Жанна