Құқық қорғау органдары

Заңсыз қару сақтап келген солтүстікқазақстандық ұсталды

Облыс тұрғыны 3 бірдей қаруды заңсыз сақтап келген.

Қызылжар ауданында тұратын 40 жастағы ер адам үйінде 5 бірдей мылтық ұстаған. Екеуінің ғана құжаттары бар. Онымен қоса қаруларды арнайы сейфте сақтамаған. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 287-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, қазір облыс аумағында полиция қызметкерлері “Қару” жедел-алдын алу шарасын өткізуде.

Ерболат Қабыров – СҚО ПД ӘПБ аға инспекторы:

 – «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізудің алғашқы 2 күні ішінде тексерумен 2700 қару иесі қамтылды. Тексеру барысында қаруды сақтау қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ, қайта тіркеу мерзімдерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке барлығы 77 адам тартылды.

 

 

Бисенова Жанна