МТРА жаңалықтары

Жаңа ереже

2021 жылы казақстандықтардың аты-жөнін латын графикасына негізделген әліпбиге сәйкес жазу ережелері әзірленеді. Бұл жайында Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.

Нұрғиса Дәуешовтың сөзінше, жаңа әліпбиді жетілдіру бойынша бірталай жұмыстар жүргізілген. Құжат жыл соңына дейін дайын болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы мемлекет басшысының “Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы” жарлығына да өзгерістер енгізіледі. Айта кеткен жөн, қаңтардың соңында премьер-министр Асқар Мамин әліпбиімізді латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізген болатын. Жиында жаңа әліпбидің жетілдірілген нұсқасы көрсетілді. Ондағы әріп саны – 31. Алфавит тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған. Мұнда қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылады. Сондай-ақ, ел аумағындағы географиялық нысандардың және олардың құрамдас бөліктерінің атауы латын графикасы негізінде жазылатын болады.

Казиканова Алтынай