Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да өткен тәулікте 38 адам індет жұқтырған

Өңірде эпидахуал тұрақталуда. Күні кеше Солтүстік Қазақстан “сары аймақтан” “жасыл аймаққа” өтті. Сары аймақта, әзірге, Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары қалып отыр.

Енді, жергілікті мамандар ұсынған статистикаға тоқталып өтсек. Өткен тәулікте өңірде 38 адам індет жұқтырған. 23 тұрғынның бойынан ауру белгілері анық байқалады, ал қалғаны дерттің симптомсыз түріне шалдыққан. Айта кеткен жөн, бүгін аймақта вакциналаудың 2-ші кезеңі басталды. 21 күн бұрын екпе салдырған медицина қызметкерлері кезекті рет «Спутник V»-дің екінші компонентін қабылдауда. Осыдан соң адам бойында КОВИД-19-ға қарсы иммунитет қалыптаса бастайды.

Маржан Касымбек