Құқық қорғау органдары

Полицейлер “Қауіпсіз жол” акциясын қорытындылады

Солтүстікқазақстандық полицейлер “Қауіпсіз жол” акциясын қорытындылады. 3 күнге созылған іс-шара барысында 1600-ге тарта құқық бұзушылық тіркелген. Сондай-ақ, темір тұлпармен қар құрсауында қалған, трассадан шығып кеткен адамдарға көмек көрсетілген.

Оқыс оқиғалардың бірі Есіл ауданындағы Чириковка ауылының маңында болды. Мұнда 15 тонна тұқымды Тимирязевоға апара жатқан «Volvo» жүк көлігі жолдың бір шетіне ауып кеткен. Боран соғып, трассаны қар басқандықтан түнде жүргізушіге ешкім көмектесе алмапты. Тек таңғы 4-те ғана жәрдемдесудің мүмкіндігі туған. Полиция қызметкерлері ауыр машинаны шығару үшін әрі шашылған бидайды тиеу үшін аудандағы агроқұрылымдардың біріне жүгінген.

– Мамлютка-Костанай. 19 февраля. После снежного бурана машина съехала в кювет.

Ал бұл оқиға да өткен аптаның соңында болды. Фура тізгініндегі ер азаматтар жолдан шығып кеткен жеңіл көлікті қар құрсауынан алып шықты. Осыған ұқсас жайттар Петропавл маңында және Есіл ауданындағы Бірлік ауылының тұсында да орын алды. Қос жағдайда да полиция қызметкерлері көмекке келген.

– Лейтенант Шаяхметов, патрульная полиция! Таксуете? У нас идет ОПМ “Безопасная дорога.

Трассаларда оқыс оқиғалардың алдын алу және заң бұзушылықтарды анықтау, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Жақында теріскейлік тәртіп сақшылары осындай мақсатта “Қауіпсіз жол” акциясын өткізді. 3 күнге созылған шара аясында біраз факті тіркелді. Есіл ауданының мамандары ақпанның 17-сі күні отын тиеген «Урал» жүк көлігін тоқтатқан. Тексеріс кезінде нөмірлік белгілері басқа машинаға тиесілі болып шықты. Ал рөлде отырған Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғынының көлік жүргізу куәлігі жоқ. Ер адам жауапкершілікке тартылады.

Баян Байғаскина – СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

-2 күн ішінде облыс жолдарында 1094 құқық бұзушылық тіркелді. Оның 17-сі – масаң күйде көлік басқару. Сондай-ақ, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жұмыстары да жүргізілуде.

Ал 3 күн ішінде облыс жолдарында мың жарымнан астам түрлі құқық бұзушылық тіркелген. Оның 14-і көлік басқару құқығынан айырыла тұра рөлге отыру болып табылады.

Байболат Бектемірұлы