Спорт

“Qulager” ХК көкшетаулық ұжымды тізе бүктірді

“Qulager” ХК көкшетаулық ұжымға есе қайтарды.

Кеше кешке өткен қарымта кездесуде алаң иелері қонақтардың қақпасына 4 шайбы дарытты. Ал “Arlan” командасының ойыншыларысолтүстікқазақстандық қақпашыны 2 мәрте қапы қалдырды. Теріскейліктер сапынан Кирилл Власов, Ильгиз Нуриев пен Денис Стасюктер көзге түсті. Ал Дмитрий Исмагилов матчтың үздік ойыншысы атанды. Бұл ойыннан кейін жергілікті ұжым турнирлік кестеде екі сатыға жоғарылады. Дәлірек айтсақ, 68 ұпаймен 5-ші орынға тұрақтады. Келесі кездесуді құлагерліктер атыраулық “Beibarys”-қа қарсы өткізбек. Матч наурыздың 1-ші және 2-ші жұлдызында Атырау қаласында өтеді.

Алдияр Айтпаев