Балалар

Кітапханашылар онлайн-вебинар өткізді

Жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Осындай мақсатпен Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында да іс-шара ұйымдастырылды.

«Кітап – білім бұлағы» деген сөз бекерден айтылмаған. Расымен де, бар пайдалы ілім асыл қазынада жатыр. Алайда, қазіргі ғаламтор желісі дамыған заманда құнды дүниені оқитын жастардың қатары сиреп барады. Бұл мәселе – өзекті проблемаға айналып отыр. Онлайн-вебинар барысында мамандар ұл-қыздардың кітапқа деген қызығушылықтарын қалай ояту керектігін айтып, ұсыныстарын білдірді. Кітапханашылардың сөзінше, балалардың оқуға деген ниетін алдымен, ата-анасы оятуы керек. Кішкентай кезінен асыл қазынаға бет бұрса, өсе келе де жанына серік ететін болады.

Күлизат Шахатова – Ғ.Мүсірепов атындағы ОБЖК бөлім жетекшісі:

– Қазір көп оқырман гаждеттерге тәуелді. Сондықтан, дәстүрлі оқудың беделін көтеру керек. Ата-аналарға рахмет. Олар балаларын өздері кітапханаға алып келеді. Қазіргі онлайн өткізілетін Абай, Мағжан оқуларына ата-аналар: «Менің балам қатыссын, өлеңді жақсы оқиды» деп хабарласып жатады.

Казиканова Алтынай