Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірде барлық бағыттағы жолдар жабылды

Бүгін облыста түс ауа қалың қар жауып, қатты жел көтерілді. Осыған байланысты барлық бағыттағы жолдары жабылды.

Ертең де осындай ауа райы сақталмақ. Кей жерлерде желдің ұйытқуы 23-25 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Қазір өңір жолдарында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар кезекшілік атқаруда. Мамандар тұрғындарға жолға шықпау қажеттігін ескертеді.

Мұрат Қанғожинов – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

 – Облыстық маңызға ие жолдарда автокөліктердің қозғалысы тоқтатылды. Жолға шықпаңыздар. Боранға байланысты көру қашықтығы төмен. “112” қызметінен келген хабарламаларға назар аударыңыздар.

 

 

 

 

Алдияр Айтпаев