Құрылыс

Қазақстанда линолеум, тұсқағаздар мен санитарлық фаянс шығарылмайды

Қазақстанда линолеум, тұсқағаздар мен санитарлық фаянс шығарылмайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Саладағы қажеттілікті айқындау мақсатында құрылыс материалдары нарығына негізгі 24 позиция негізінде талдау жүргізілген. Бүгінгі таңда отандық өндірушілер 10 тауар аталымы бойынша ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен өтей алады екен. Сондай-ақ, 11 позиция бойынша сұраныстың шамамен 50 пайызын еліміздің кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Ал линолеум, тұсқағаз, санитарлық фаянс өндірісі елімізде ақсап тұр. Қазақстанда бұл бағытта жұмыс істейтін кәсіпорындар жоқтың қасы. Осы орайда өңірдегі өндіріс жайын баян етейік. Биыл аққайындар өлкесінде фанер шығаратын комбинат іске қосылған болатын. Онда жылына құрылысқа қажет материалдың 18 мың текше метрі әзірленбек. Осылайша елдегі сұраныстың 30 пайызы қамтылады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, өңірде кірпіш зауытының құрылысы да қызу жүріп жатыр.

Ешкенова Дана