Аптадағы маңызды жаңалықтар

Тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесі

2022 жылдың 1-ші шілдесінен пәтер иелері кооперативтері жұмысын тоқтатады. Олардың орнына мүлік иелерінің бірлестіктері пайда болады.

Бұл жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында айтылды. Көпқабатты баспананы басқарудың жаңаша жүйесі “Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот” принципіне негізделген. Яғни үйдің жөнделуіне тұрғындар жауапты болады.

Ерлан Қайырбеков – Петропавл қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

 

– Мүлік иелері бірлестігін құру үшін 4 құжат керек. Олар: мүлік иелері бірлестігі атынан өтініш, жиналыс хаттамасы, мүлік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысы және бірлестіктің тіркелуіне 1 АЕК көрсеткіш көлемінде ақы төлеу туралы түбіртек.

Бисенова Жанна