Қоғам

Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының отырысы өтті

Қоғамда / кәсіпкер қыз-келіншектердің санын арттыру, нәзікжандыларды / саяси өмірге тарту. Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының отырысында осы тақырыптар талқыға салынды. Жиын барысында / қатысушылар / жоспарды жүзеге асыру үшін қолға алынатын бастаманы да баян етті.

Әйел адамдарға бизнесті қалай бастау керек? Және оны қандай жолмен дамытуға болады? Бүгінде қалаған ісіңді ашуға жәрдемдесетін мемлекеттік бағдарламалар бар. Оларды белсенді нәзікжандылар дөңгелек үстел басында жіпке тізді.

Елена Семидоцких – СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

– Шағын және орта бизнесті ашуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың бар екендігін бәрі бірдей біле бермейді. Жобалардың бірі – “Бизнестің жол картасы”. Оның көмегімен өз ісіңді бастауға, дамытуға болады. Осыны нәзікжандылар қауымы пайдаланса дейміз. Жалпы, біздің бүгінгі мақсатымыз – кәсіп ашудың және өркендетудің қыр-сырымен бөлісу.

Әйелдерді саяси өмірге тарту. Бұл мәселе де кездесу барысында талқыға салынды. Сөз алған нәзікжандылардың айтуынша, қыз-келіншектер арасындағы саяси лидерлікті университет қабырғасында оқыту керек. Идеяны жүзеге асыру үшін биыл жергілікті білім ордасында арнайы клуб ашу көзделіп отыр.

Зәуре Қартова – Kozybatev University “Рухани жаңғыру” әлеуметтік-гуманитарлық институтының директоры:

– Университеттің 57%-ын әйел адамдар құрайды. Қыздар саяси лидерліктің не екендігін, саяси өмірге белсенді қатысу жолдарын білу керек. 01:35 Отырыстарда біз көптеген баяндамалар оқып, студенттермен арнайы тапсырмалар орындайтын боламыз. Олардың саяси белсенділіктерін арттырамыз.

Айта кетейік, бүгінде СҚО іскер әйелдер қауымдастығына 25 адам мүшелік етеді.

Жанна Бисенова