Спорт

Футболдан ел біріншілігі наурыздың 13-і күні басталады

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының жаңа маусымы басталатын күн белгілі болды. Чемпионаттың 1-ші туры наурыздың 13-14-і күндері өтпек.

Жергілікті “Qyzyljar”-дың алғашқы қарсыласы да жария етілді. Ол – шымкенттік “Оrdabasy”. Матч сырт айдында өтеді деп жоспарланған. 1 жұмадан соң ұйымдастырылатын 2-ші турда да солтүстікқазақстандықтар қонаққа барады. Бұл жолы Таразда жергілікті құрамамен күш сынаспақ. Ал сәуірдің 4-і немесе 5-і күні Петропавлда қарағандылық “Shakhtar”-ды қабылдайды. Естеріңізге сала кетейік, жақында бұл команданың тізгінің жерлестерімізге жақсы таныс Әли Әлиев ұстаған болатын.

Алдияр Айтпаев