Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өткен тәулікте 42 солтүстікқазақстандық вирус жұқтырған

Өткен тәулікте 42 солтүстікқазақстандық тәж вирусын жұқтырған. Оның 20-дан астамы індеттің – симптомды, қалғаны симптомсыз түріне шалдыққан.

Шалдығу көрсеткіші бойынша әдеттегідей Петропавл қаласы көш басында тұр. Шаһарда 14 адам науқастар тізіміне қосылған. Екінші сатыда – Аққайың ауданы. Мұнда 6 факті белгілі болып отыр. Жалпы, ақпанның 8-і мен 14-і аралығында аққайыңдар өлкесінде 406 жағдай тіркеліпті. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысы – “сары аймақта”.

Култанов Байболат