Спорт

“Qyzyljar” ФК ресейлік “Ленинградец” командасына есе жіберді.

Жолдастық кездесу ақпанның 13-і күні Түркияның Белек қаласында өтті. Матч 1 де 2 есебімен көршілеріміздің пайдасына шешілді.

Жерлестеріміздің сапынан жалғыз голды құрама капитаны Максим Драченко соқты. Солтүстікқазақстандықтардың 2-ші оқу-жаттығу жиыны аясындағы келесі қарсыласы – ресейлік “Акрон”. Ойын ақпанның 17-сіне жоспарланып отыр. Айта кеткен жөн, петропавлдықтар Қара теңіз жағасында 5 кездесу өткізбек. Кейін ел біріншілігі бастау алатын болады.

Алдияр Айтпаев