Спорт

“Qulager” ХК павлодарлық ұжымды қос кездесуде де тізе бүктірді

“Qulager” ХК павлодарлық ұжымды қос кездесуде де ойсырата жеңді. Командалар арасындағы матчтар ақпанның 13-і мен 14-і күндері Петропавлда өткен болатын.

Алғашқы ойынның бірінші минуттарынан-ақ құлагерліктер айдын иелері екендіктерін танытып, “Ertis”-тіктерге қысым көрсетті. Нәтижесінде бәсеке 5 те 2 есебін аяқталды. Қарымта кездесуде есеп айырмасы тіптен артты. Жерлестеріміз 7 мәрте көзге түссе, керекулік Юсуп Асуханов жалғыз шайбаны өз атына жазды. Теріскейліктер келесі матчты алдымыздағы сәрсенбі-бейсенбі күндері көкшетаулық “Arlan”-ға қарсы өткізбек. Бұл жолы көршілес облыстың имек таяқ шеберлері Петропавлға қонаққа келеді. Ал қазіргі таңда “Qulager” ХК турнирлік кестеде 65 ұпаймен 6-шы орында тұр.

Алдияр Айтпаев