МТРА жаңалықтары

Экс-мемлекеттік қызметшіге жаза тағайындалды

3 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді! Сот облыстық көліктік бақылау инспекциясының экс-бас маманы Жасұлан Мұқановқа осындай жаза тағайындады.

Бұл жайлы “Антикор” орталығында өткен онлайн-брифингте айтылды. Естеріңізге сала кетейік, атқамінер өткен жылдың көктемінде жалпы құны 1,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын. Ол өзінің қызметтік өкілеттілігін пайдалана отыра аққайыңдар өлкесіне бірнеше рет бұрғылау қондырғысын өткізбек болған Ресей азаматына жәрдемдескен. Бұл қызметіне ауызбастырық сұраған. Заңсыз әрекетінің ізін жасыру үшін қаржыны өзінің емес, үшінші кісінің атына рәсімделген банк картасына аудартқызған. Сот үкімі қаңтардың 20-сы күні күшіне енді.

Култанов Байболат