Ауыр атлетші Айдар Қазов сыйға тартылған баспанадан айрылып қалды

МТРА жаңалықтары

19:52 12 Ақпан 2021

Ауыр атлетикадан Азия чемпионы Айдар Қазовқа 2015 жылы бұрынғы облыс басшылығы 2 бөлмелі пәтердің кілтін берген болатын. Бірақ, баспана банкте кепілде тұрғандықтан спортшы оны өз атына рәсімдей алмаған. Сол кезде нысан «КазГрадСтрой» компаниясының қарамағында болған. Серіктестіктің бұрынғы басшысы сылтау айтып, белгілі спортшыға басқа пәтерге көшуді ұсынады. Ақыры жерлесіміз одан да айрылып қалған.

Осыдан 6 жыл бұрын жерлесіміз Айдар Қазов әлемдік додада еліміздің намысын абыроймен қорғады. Ол Тайландта ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Осыған орай жеңісімен құттықтаған сол кезде облыс әкімі болып тұрған Ерік Сұлтанов спортшыға жаңа баспана кілтін табыс еткен болатын. 2 бөлмелі үй Жас өркен шағын ауданындағы «Мечта» тұрғын үй кешенінен беріледі.

Айдар Қазов – ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Кілтті алған соң құжаттарды рәсімдеуге кіріспек болдым. «КазГрадСтрой» компаниясының директоры Александр Авдеев жылжымайтын мүліктің банкте кепілде тұрғанын айтты. Одан шығару үшін біраз уақыт күте тұруымды өтінді. Мен әрине, келістім.

Бірақ, 2018 жылдың шілдесінде құрылыс компаниясының басшысы сөзінен тайып, спортшыға басқа ұсыныс жасапты. Жас өркен шағын ауданындағы үйден бас тартып, «Қызылжар» тұрғын үй кешеніндегі баспанаға көшуді айтқан. Кәсіпкер сонда баспананың құжатын бірден рәсімдеуге септесемін деп уәдесін берген. Айдар екінші үйге көшіп, ішінде жөндеу жұмыстарын жасайды. Алайда, «КазГрадСтрой» компаниясының директоры бұл жолы да сан соқтырған.

Айдар Қазов – ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Екінші үйде жарты жылдай өмір сүрдік. Бірнеше айдан соң бұл пәтердің сатылғандығы мәлім болды. Баспанада қарындасым отбасымен бірге тұрып жатқан, мен Алматыда оқу-жаттығу жиынында жүрдім. Кейін құқық қорғау органдарынан адамдар келіп, нысанды 10 күн ішінде босатуды айтыпты. Не істерімді білмей қалдым. Қарымдасым 10 айлық баласымен далада қала ма деп уайымдадым.

Кейін Айдар бірден өңірге оралып, мәселенің мән-жайын білуге тырысқан. Бірақ, ешкімнен тұшымды жауап ала алмапты. Бұл 2019 жылдың қысы болған. Спортшы жігіт тиісті мекемелерге өтініш жазып, баспанада жылыту маусымы аяқталғанға дейін тұра тұруға рұқсат алыпты. Кейін қалалық әкімдіктен қызметтік үй берілген екен. Алайда, нысан ішінде не су, не жарық болмапты. Үйге қатысты қарыздар көп болғандықтан қуат көзі мен тіршілік нәрінен айырылған екен.

Асқар Хабибулин – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– 3 ай өткен соң 2020 жылы қаржы бөлініп, бүкіл қарызды жауып тастадық. Біріншіден, ол пәтердің берілуіне әкімдіктің ешқандай қатысы жоқ. Авдеев пен Қазов өздері келіскен. Әкімдіктен қаржы бөлінген жоқ.

Қала әкімінің орынбасары “Бұған біздің қатысымыз жоқ” деп отыр. Ал осы іске қатысты Александр Авдеевтің өзі былай деп жауап берді.

Александр Авдеев – “КазГрадСтрой” ЖШС бұрынғы басшысы:

–  Эта кваритра, впрочем, как и другие, была поставлена под залог в счет обеспечения договора подряда с акиматом Петропавловска. Из-за расторжения договора по инициативе акимата обеспечение договора остается в акимате, то есть акимат забирает деньги, стоимость обеспечения договора у банка, и банк продает кваритры с молотка. Так было, в случае с Казовым.

Болған жайттардан кейін Айдар енді бастапқы баспанадан үмітін үзіп отыр. “Мүлікке бәрібір қол жеткізе алмаймын”, – дейді. Талай шыңдарды бағындырған жерлесіміз спорттан да кетпекші.

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Жаңа ереже
Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғандарына – 32 жыл
“Диалог” бағдарламасы 20.02.2021
Экс-мемлекеттік қызметшіге жаза тағайындалды
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар жаңаша қаржыландырылады
Есіл ауданында боранда адасып кеткен бала мен жігіт табылды
10 жылда алғаш рет өңірде бал аралары қыстауда
Жатақханадағы жарылыстың салдарынан 2 адам қаза тапты
Президент мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды
Қазақстандық интернет кеңістігінде 175 мыңнан астам домендік атау бар
Жануарларға қатысты зорлық-зомбылықты тыю