Құқық қорғау органдары

СҚО-да 36 жастағы азамат жұмыс орнында қаза тапты

Элеватор ішін тазалаймын деп қаза тапты. Жаға ұстатарлық жағдай ақпанның 9-ы күні Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты Новоишимское селосындағы «АқНанСевер» серіктестігінде орын алды.

36 жастағы ер адам 140 тонна астық сақтаулы тұрған жерді тазалап жатқан кезде шұңқыр пайда болып, соған түсіп кеткен. Марқұмның денесі 7 сағат өткен соң ғана сыртқа шығарылған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын қарап, куәгерлердің жауабын алған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

 

 

Маржан Касымбек