Облыс әкімі Құмар Ақсақалов депутаттар алдында есеп берді

Аптадағы маңызды жаңалықтар

22:11 11 Ақпан 2021

Өткен жылы облыс орталығында 3300 пәтер қолданысқа тапсырылған. Биыл бұл көрсеткіш 4 мыңға жуықтауы мүмкін. Жалпы, өңірде 2021 жылға тұрғын үй құрылысына 20 млрд теңгеге жақын қаржы қарастырылып отыр. Бұл жайлы облыс әкімі Құмар Ақсақалов жергілікті мәслихат депутаттары алдында есеп беру барысында айтты. Жиында өңір жетекшісі өткен жылды қорытындылап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып өтті. Алдағы жоспарлармен де бөлісті.

Облыста өндірілетін ақтың көлемін – жылына миллион тоннаға дейін жеткізу. Өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов алдағы жылдарға осындай мақсат айқындап отыр. Ал мұндай көрсеткішке қол жеткізуге аймақта салынып жатқан сүт кешендері септеспек. Биыл аққайындар өлкесінде 16 бірдей заманауи ферма іске қосылады. “Осы бағыттан таймай ауыл шаруашылығымен айналысатын жандар кәсіптерін одан әрі өркендетулері қажет. Ал мемлекет өз кезегінде мал өсірушілерді субсидиялайды”,- деді “Племзавод Алабота” серіктестігінің директоры Ерлан Алпысов.

Ерлан Алпысов – «Племзавод Алабота» ЖШС директоры:

 – Өңірімізде соңғы 5 жылда мал басы 2 есеге артты. Бұл жақсы көрсеткіш деуге болады. Шаруашылықтардағы жетістіктер ауылдың дамуына оң ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, өлкеде абаттандыру мәселелері де шешіліп жатыр. Бұл мақсатқа өткен жылы облыстық бюджеттен шамамен 30 млн теңге бөлінді. Нәтижесінде 1,5 шақырым ауыларалық жолдарға орташа жөндеу жүргізілді.

Жол мәселесіне толығырақ тоқталайық. Облыста соңғы 3 жылда жолдардың 30% жөндеуден өткен. Мәселен, 2018-де – 675, 2019 жылы 705 шақырым трасса қалыпқа келтіріліпті. Ал былтырғы көрсеткіш 954 километрді құрайды.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Өткен жылы 74 елді мекендегі көшелер күрделі жөндеуден өтті. Аталған мақсатқа 5,8 млрд теңге жұмсалды. Мұның барлығы – халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жасалып жатқан жұмыстар. Бұл шаруа биыл да жалғасатын болады.

Соңғы жылдары Петропавлда құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Шаһарда 3 жылдың ішінде әбден тозған 1 мыңнан аса үй бұзылған. Оның 400-ден астамы былтыр сүріліпті. Олардың орнына әлеуметтік маңыздағы нысандар мен көпқабатты үйлер тұрғызылды әлі де салынып жатқандары бар. Нәтижесінде 2020-да 3300 пәтер қолданысқа тапсырылды. Биыл бұл көрсеткіш 400 пәтерге көп болады деп жоспарланып отыр.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Соңғы жылдары Петропавлда тұрғын үй бағасының айтарлықтай өскенін білеміз. Бұған – шаһарда ұзақ уақыт бойы жаңа баспаналардың салынбауы себеп. Ал құрылыс жұмыстары қолға алынғаннан кейін адамдар қызығушылық танытып, сатып ала бастады. Осылайша пәтерлерге деген сұраныстың бар екенін байқадық.

Алдағы уақытта құрылыс қарқыны одан әрі артса, баға мәселесі реттелуі мүмкін. Жалпы, 2021 жылы тұрғын үй құрылысына бюджеттен 19,7 млрд теңге бөлініпті. Қомақты қаражатқа 5 бірдей арендалық-коммуналдық және 18 несиелік баспана тұрғызылмақ. Сондай-ақ, биыл елді мекендерде 700-ден астам тұрғын жай қолданысқа тапсырылады. Енді әңгіме ауанын депутаттардың қызығушылығын туғызған өңірдегі бұқаралық спортқа бұрайық. Бұл бағытта қандай шаруа тындырылды?

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Былтыр спорт нысандарын жөндеуге 2019 жылға қарағанда қаражат 2 есе көп жұмсалды. Биыл біз Айыртау, Аққайың, Есіл, Жамбыл және Шал ақын аудандарында 5 бірдей дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтаймыз. Алдағы уақытта дәл осындай 4 нысан қалған өзге аудандарда да бой көтереді. Бұдан бөлек, аймақта хоккей корттары мен стадиондар салынуда.

Жалпы, биыл өңірдің спорт саласын дамытуға шамамен 7 млрд теңге бөлінген.

 

Ешкенова Дана

 

Бұдан әрі оқыңыз

Облыстық әкімдіктің отырысы өтті
Ақпанның 13-інен карантин жеңілдетіледі
Өңірге Чехияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі келді
Өткен тәулікте 42 солтүстікқазақстандық вирус жұқтырған
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қайда жұмсамақшы?
СҚО-да өткен тәулікте 38 адам індет жұқтырған
Тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесі
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қалай тойланады?
Өңір басшысы онлайн-қабылдау өткізді
Қала әкімі Болат Жұмабеков өткен жылды қорытындылады
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов есеп берді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ұлттық комиссия отырысын өткізді