Спорт

“Qulager”-дің жарқын жеңісі

“Qulager”-дің жарқын жеңісі! Петропавлдық хоккейшілер павлодарлық “Еrtіs”-тен басым түсті. Қос команда арасындағы кездесу кеше кешке өтті.

Сырт айдындағы матчта жерлестеріміз керекуліктердің қақпасына жауапсыз 4 шайбы соқты. Ойында көзге түскендер: Максим Первухин, Алексей Гришенко, Федор Хорошев пен Илгиз Нуриев. Бұл – командалардың алғашқы бәсекесі. Қарымта кездесу бүгін болады. Айта кеткен жөн, ақпанның 10-ы мен 13-і аралығында Нұр-Сұлтан қаласында хоккейден халықаралық турнир өтпек. Әттең, ұлттық құрама сапына
солтүстікқазақстандық имек таяқ шеберлері шақырту алмады.

Дамир Рамазанов – “Qulager” ХК қорғаушысы:

– Қарсыластарымыздың ойынына жоғары баға беремін. Олар есеп 4 те 0 болғанның өзінде берілмей, қарсылық танытты. Алдағы уақытта да жарқын жеңістермен қуантуға барымызды саламыз.

Алдияр Айтпаев