Денсаулық сақтауCOVID-19: Қазақстан

Вакциналау науқаны

Өңірде вакциналау науқаны жүріп жатыр. Бүгінге дейін мыңға жуық адам екпе салдырған. Басым бөлігі – медицина қызметкерлері. 1-ші қалалық емхананың өзінде / 400-ден астам маманның 100-ге жуығы / вакцина қойдырып алған.

1-ші ақпан күні елімізде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау науқаны басталғаны белгілі. Екпені алғашқылардың бірі болып медициналық қызметкерлер қойғызды. Солардың қатарында Денис Бресь те бар. Ол №1 қалалық емханада жалпы тәжірибедегі дәрігер болып еңбек етеді. Мобильді бригада қызметкері вакцина алғаннан кейін дене қызуы көтеріліп, бойда әлсіздік сезілгенін айтады. Алайда, бұл қалыпты жағдай, екпенің шынымен де пайдасы барын білдіреді дейді.

Денис Бресь – №1 қалалық емханасының жалпы тәжірибедегі дәрігері:

– Мен ақпанның 3-і күні екпе салғыздым. Кешке дене қызығуым 37-ге дейін көтерілді. Алайда, ертесіне өзімді жақсы сезіндім. Одан кейін ешқандай ауырсыну белгілері байқалмады. Өзім вирустық инфекция жұқтырған жандармен сәуір айынан бері жұмыс істеп келемін. Осы күнге дейін қауіпті індетпен ауырған емеспін. Сонда да өзімнің және жақындарымның денсаулығына алаңдағандықтан, екпе салдыруды жөн көрдім.

Коронавирусқа қарсы вакциналау 2 кезеңмен жүзеге асырылады. Екінші доза алғашқысынан 21 күн өткеннен кейін ғана қойылады. “Бұл – екпенің әсерін күшейтіп, коронавирустан қорғауға септеседі”,- дейді ақ халаттылар.

Ұлбасым Қажахметова – №1 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары:

– Екпені қойдырмас бұрын дәрігерлер толықтай тексеріп шығады. Адамның дене қызуы өлшенеді, қан қысымы, жүрек соғысы бақыланады. Егер қандай да бір ақаулар болса, вакциналау кейінге шегеріледі. Бұл жұмысты жүргізу үшін арнайы маман бекітілген. Сондай-ақ, біз екпені бірден 5 адамға салдыратындай қылдық. Себебі, 1 құтыда 5 доза бар. Ал процедураның өзі 40 минутқа созылады.

Жалпы, қазіргі таңда №1 қалалық емханасында 400-ден астам медициналық қызметкер еңбек етеді. Оның 75-і қауіпті індеттен қорғайтын екпені салдырып үлгеріпті. Ал облыс бойынша мыңға жуық адам вакцина салғызған. Басым бөлігі – медицина қызметкерлері.

Алтынай Қазиқан