Білім

СҚО-да жоғары сынып оқушылары арасында пәндік олимпиаданың 2-ші кезеңі өтуде

Облыста / 9-11 сынып оқушылары арасында пәндік олимпиаданың 2-ші кезеңі өтіп жатыр. Мектепішілік білім додасында озып шыққан 4 мыңнан астам шәкірт / енді аудандық және қалалық кезеңде бақтарын сынауда. Олимпиада 4 күнге жалғаспақ.

Мерей Қастенке – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының беткеұстар оқушыларының бірі. Жасөспірімнің оқу үлгерімі жақсы, сабағына зор жауапкершілікпен қарайды. Түрлі сайыстар мен олимпиадаларға да қатысып, үздіктер қатарынан көрініп тұрады. Мәселен, былтыр озат шәкірт географиядан өткен мектепішілік олимпиада да топ жарып, облыстық сында бақ сынапты. Онда 2-ші орын жеңіп алған екен. Ал биыл жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілуге ниетті.

Мерей Қастенке – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:


–  Бүгін бізде тест сұрақтары мен практикалық тапсырмалар болды. Қатты қиын болды деп айта алмаймын. Себебі, мен әрдайым дайындық үстінде болдым. Сәйкесінше, сынақтан жеңіл өттім.

Биылғы олимпиада ерекше форматта өтуде. Неге десеңіз, сынақтың дені онлайн форматта ұйымдастырылған. Алайда, бұл жаңашылдық Мерейді алаңдатпаған сыңайлы. Айтуынша, кез-келген жағдайда тек өз біліміңе сену қажет.

Мерей Қастенке – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы:

– Ең бастысы – ол денсаулық. Сондықтан олимпиаданың онлайн форматта өтіп жатқандығын дұрыс деп санаймын. 00:46 Онлайн формат мен үшін ыңғайлырақ. 01:07 Алайда, барлығы да видеоға түсірілгендіктен, бұл жерде ешкімді алдаудың қажеті жоқ. Бұл ретте өз біліміңді тексеріп, алдағы уақытта оны шыңдау керек.

Олимпиада 16 пән бойынша өтіп жатыр. Білім додасы Петропавл мен аудандардың басым көпшілігінде электрондық форматта өтуде. Тек айыртаулық және тайыншалық шәкірттер білімдерін дәстүрлі форматта сынап жатыр екен.

Болатхан Жүсіпов – Әдістемелік және ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары:

– Жалпы, онлайн форматта ұйымдастырылған сынаққа бала өз үйінде отырып қатыса алады. Бастысы – жақсы интернет болса болғаны. Бұл ретте ұл-қыздар daryn.kz сайтында тіркеліп, тапсырмаларды жүктейді де қазылар алқасына жібереді. Комиссия оны тексергеннен кейін, тиісті қорытынды шығарады.

Айта кетейік, пәндік олимпиаданың 2-ші кезеңіне өңірдің барлық мектептерінен 4 мыңнан астам оқушы қатысуда. Қалалық және аудандық білім додасы кеше бастау алып, ақпанның 11-іне дейін жалғаспақ. Ал облыстық сайыс ақпан айының соңында өтеді деп жоспарланып отыр.

Бисенова Жанна