Құқық қорғау органдары

Абайлаңыз, көктайғақ

Абайлаңыз, көктайғақ! Өңірдің полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, шара барысында жолда жүру ережесін де еске салуда.

– Вы едете из Архангелки?

– На обочине есть сломанный транспорт? Возможно, кто-то голосует, помощи просит? Не было такого?

– Не видел, не встречал.

– Пешеходы не ходят?

– Нет.

Өткен демалыс күндері қыс қытымыр мінезін танытты. Тәртіп сақшылары мен “Қазгидромед” мамандарының қатаң ескертулеріне қарамай кей жандар алыс жолға шығып, қиындықтарға тап болды. Темір тұлпарлардың соқтығысу фактілері де тіркелді. Мұндай жайттардың алдын алу мақсатында қазір полиция қызметкерлері жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейкен.

Асқар Сердалинов – СҚО ПД ППБ қызметінің инспекторы:

– Алыс жолға шыққанның өзінде өзіңізбен бірге арнайы құжатарыңыз бен жылы киіміңіз болуы шарт. Ұялы телефоныңызды қуаттандырылып алған жөн. Себебі, жолда күтпеген жағдай орын алып қалуы мүмкін. Сол кезде жалғыз үмітіңіз осы құрал болмақ.

Тәртіп сақшылары берген мәліметке сүйенсек, былтыр 238 жол-көлік апаты орын алған. Салдарынан 315 солтүстікқазақстандық түрлі дене жарақатын алса, 37 адам көз жұмған. Ал жыл басынан бері 6 оқыс оқиға тіркелді. Апаттан 7 адам жарақаттанған. 1 адам ажал құшты.

– Чистят, вообще, дороги?

– Чистят! Но, конечно, скользко. Эта оттепель, в субботу я ездил, теперь снег этот весь замерз и теперь сплошной лед на асфальте.

Ережелерді жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де ескерулері керек.
Әсіресе, биік ғимараттардың жанынан өткенде барынша сақ болу қажет дейді полицейлер. Өйткені, шатырдан ауыр қар немесе мұз сүңгі құлап түсуі мүмкін.

Алтынай Қазиқан