Білім

Жергілікті университетке жаңа ректор тағайындалды

Жергілікті Қозыбаев университетінің Басқарма төрағасы-ректоры болып 36 жастағы Ерлан Шуланов тағайындалды.

Ол бұған дейін Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің атқарушы директоры қызметін атқарған болатын. Ерлан Нұрлыбекұлы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша үздік бітірген. МВА магистрі, Білім беру саласындағы және бірнеше саяси жобаның авторы болып табылады.

Казиканова Алтынай