COVID-19: Қазақстан

Солтүстік Қазақстан облысы “сары аймаққа” өтті

Солтүстік Қазақстан облысы “қызыл аймақтан” “сары аймаққа” өтті.

Соңғы аптада өңірде коронавирус жұқтыру дерегі азайғаны байқалады. Өткен тәулікте 69 солтүстікқазақстандықтың бойынан КОВИД-19 анықталған. Оның 48-інде ауру белгілері анық байқалады. Науқастардың саны бойынша көш басында Петропавл тұр. Облыс орталығында індетке 25 адам шалдыққан. Қызылжарда – 11, ал Есіл мен Айыртау аудандарында 10 жағдайдан тіркеліп отыр. Қалған аудандарда қауіпті инфекцияны жұқтыру жайты 10-нан аспайды. Елдегі статистикаға толығырақ тоқтала кетейік. Өткен тәулікте мыңнан астам отандасымыздың бойынан тәж вирусы анықталған. Біздің өңірден бөлек, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары да “сары аймақта” Ал Павлодар мен Ақмола өңірлері, әзірге, “қызыл аймақта” қалып отыр. Бұл тізімге бүгін таңертең Нұр-Сұлтан қаласы да қосылды. Жалпы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше коронавирустың таралу қарқыны соңғы үш жұмада бәсеңдеген.

 

 

 

 

Ешкенова Дана