МТРА жаңалықтары

Президент мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды

“Мемлекет басшысы әскери қызметшілерді запасқа шығару және азаматтарды 2021 жылдың наурыз-шілдесінде және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды”-, деп хабарлайды Ақорда.

Құжатта әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2021 жылдың наурыз-шілдесінде және қыркүйек-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Ішкі істер министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын делінген. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін деп жазылған.

 

 

 

Казиканова Алтынай