ТЖ

Жолда қалған жандарға көмек көрсетілді

Қыс басталғалы өңірде 44 рет дауылды ескерту жарияланған.

Алайда, тұрғындар арасында ескертуді елемегендер де бар. Осы аптаның өзінде төтенше жағдайлар қызметкерлеріне үш рет шақырту түскен. Оқиғалардың бірі 3-ші ақпан күні таңғы сағат 7 шамасында Тимирязево ауданындағы Дмитриевка селосының маңында болған. Ат құлағы көрінбейтін боранда 2 ауыр жүк көлігі жолдан шығып кетіп, қар құрсауында қалып қойған екен. Оларды тізгіндеген жандарға жедел арада көмек көрсетілді. Жүргізушілер көліктерімен бірге аудан орталығына дейін жеткізілді.

Алдияр Айтпаев