Білім

“Туған елге тағзым” жобасының қорытындысы жарияланды

Бүгін елдегі Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында өткен “Туған елге тағзым” жобасының қорытындысы жарияланды. Республикалық өнертапқыштар байқауына жергілікті білім ошағынан 10 жұмыс жіберіліпті.

Сайыста солтүстікқазақстандық шәкірттердің бірі 3-ші орын еншілеген. Ал қалғандары сертификатка ие болып отыр. Солардың бірі – Мағжан Мақтабек. Ол 1 айдың ішінде қаладағы “Қалыңдық үйінің” макетін әзірлепті. Ал Даяна Белялова “Абылай хан резиденциясы” музей кешеніне арнап онлайн-квест ойынын құрастырған.
Жалпы, қашықтықтан ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – оқушыларды туған өлкені құрметтеуге, өнерге баулу. Жиын соңында еңбектері еленген ұл-қыздарға сертификаттар табыс етілді.

Данияр Уәлиев – Химия-биология бағытындағы НЗМ директоры:

– Бұл жобада ең бастысы – ІТ-технологияларды қолдану. Және жобаның пайдасы өңіріміздегі киелі жерлерді таныстырып, дамыту болып табылады.Жұмыстардың барлығы шаң басып қалмау үшін дөңгелек үстелде объектілерге табысталады.

Ешкенова Дана