МТРА жаңалықтары

Энергетикалық қадағалау саласының мамандары өткен жылды қорытындылады

10-нан астам тексеріс, 50-ге жақын өтініш, 22 нұсқама мен 9 әкімшілік іс. Нәтижесінде 1 жарым млн теңге айыппұл салынған. Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің жергілікті департаменті // 2020 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады.

 

Өңірдегі энергетикалық кәсіпорындардың әр қадамы – жіті назарда. Солтүстікқазақстандықтарға жарық және жылу таратушы өндіріс ошақтарындағы ақаулар мен олқылықтарды атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің жергілікті департаменті үнемі мониторинг жүргізіп, анықтап отырады. Мәселен, өткен жылы облыста 200-ден аса екінші дәрежелі техникалық бұзушылықтар орын алыпты. Ал 1-ші деңгейлі немесе апаттық жағдайлар тіркелмеген. Бұл – жақсы көрсеткіш. Яғни, қуат көзімен қамтып отырған серіктестіктердегі қазандық, турбина немесе басқа да қондырғылар істен шыққаның өзінде, көп күттірмей жөнделген екен. Дегенмен, тексеріс кезінде кей заңды және жеке тұлғалардың тарапынан олқылықтар анықталған көрінеді.

Жәмила Әбдіқасымова – ҚР ЭМ атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті СҚО бойынша аумақтық департаментінің бас маманы

– Жоспардан тыс 10 тексеріс өткізілді. Нәтижесінде 22 нұсқама берілді, барлығы уақытылы орындалды. 9 әкімшілік іс қозғалд

Ереже бұзғандардың арасынан Петропавлдағы жылу электр орталығы да табылды. Кәсіпорын турбинасының істен шыққаны жайлы бір сағаттың ішінде уәкілетті органды хабардар етуі тиіс екен. Бірақ, өндіріс ошағы ақауды тез арада жойып, шаруасын жалғастыра берген. Сөйтіп, алгоритмге сәйкес жұмыс істемегені үшін 555 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады. Барлығы өткен жылы ел бюджетіне 1,5 млн теңге шамасында қаржы өндірілген. 2020-да қателікке жол берген жерлестеріміздің кебісін кимес үшін карапайым ережелерді ұстану керек.

Жәмила Әбдіқасымова – ҚР ЭМ атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті СҚО бойынша аумақтық департаментінің бас маманы:


– Мысалы, жеке тұлға үй алдындағы ағашты кескісі келеді делік. Оның маңайында электр желісі орналасуы мүмкін. Сондықтан, бұл ағашты кесу үшін ол кәсіпорынннан рұқсат алу керек. Әйтпеген жағдайда шаруаны жүргізу барысында электр сымдарын зақымдап, нысандардағы жарықтың өшіп қалуына себепкер болуы мүмкін.

Тағы 2020-да жергілікті департаментке солтүстікқазақстандықтардан 43 өтініш келіп түскен. Негізінде арыздар электр желісі аймағында құрылыс жұмыстарын жүргізу, ағаш отырғызу-кесу немесе жер өңдеу мәселелеріне қатысты болған. Сұрақтардың барлығы мамандармен қаралып, көңіл көншітерлік жауап беріліпті.

Эльмира Садвокасова