Спорт

Жергілікті “Qyzyljar” ФК кезекті кездесуде ойсырай ұтылды

Жергілікті “Qyzyljar” ФК кезекті кездесуде ойсырай ұтылды! Бұл жолы петропавлдықтар ресейлік “Ахмат” командасына 5-те 1 есебімен есе жіберді.

Ойын ақпанның 3-ші күні Түркияның Белек қаласында өтті. Солтүстікқазақстандықтар сапынан жалғыз голды Максим Скорых соқты. Осымен теріскейлік ұжымның алғашқы оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Әзірге “Qyzyljar”-дың келесі жиыны қайда ұйымдастырылатыны және қандай командалармен күш сынасатыны белгісіз. Айта кетерлігі, құрамамызға тыңнан шетелдік екі ойыншы қосылды. Олар – қырғыстандық Эрнист Батырханов пен бразилиялық Данило Алмейда Алвес.

Алдияр Айтпаев