МТРА жаңалықтары

Көлікті мас күйде басқарған мемлекеттік қызметші қызметінен босатылуы мүмкін

Петропавл қалалық әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данияр Жолдаспаев жұмысынан босатылуы мүмкін. Шаһар басшысына Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері осындай ұсыныс тастады деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жергілікті департаментінің баспасөз хатшысы.

Бұған себеп – маманның көлікті масаң күйде басқаруы. Оқиға желтоқсанның 17-сі Аққайың ауданында қарасты Трудовое ауылында орын алған. Осылайша, Данияр Жолдаспаев мемлекеттік қызметші абыройына нұқсан келтіріп, заңның ала жібін аттады. Қызметтік тергеу барысында ол өзінің тәртіпсіздікке жол бергенін толық мойындады. Сот шешімі бойынша азамат 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Ал Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері шенеунікті жұмысынан босату туралы ұсыныс тастап отыр.

Бисенова Жанна