COVID-19: Қазақстан

Өткен аптада әлемде 96 мыңнан астам адам короновирустан көз жұмды

Өткен аптада “COVID-19”-дың салдарынан дүние жүзінде 96 мыңнан астам адам көз жұмған. Бұл – пандемия кезіндегі ең жоғары көрсеткіш.

“Өткен жұмада әлемде 3,7 млн-ға жуық адамның бойынан тәж вирусы табылған. Бұл алдыңғы жетідегі көрсеткіштен 13%-ға аз”,- деп хабарлайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Мамандардың сөзінше, індетке шалдыққандардың саны үшінші апта қатарынан төмендеп келеді. Мұндай үрдіс, әсіресе, Африка мен Еуропа елдерінде ерекше байқалып отыр. Ресей Федерациясында да төмендеу тіркелуде. Осы орайда елдегі эпидахуалға тоқтала кетейік. Соңғы тәулікте 1228 отандасымыз инфекция жұқтырған екен. Оның 76-сы – солтүстікқазақстандықтар.

Ешкенова Дана