Аптадағы маңызды жаңалықтар

Президент Экология, геология және табиғи ресурстар министрін қабылдады

“Президент Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады”,- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз хатшылығы. Кездесуде ведомство басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстың негізгі нәтижелерін, сондай-ақ, алдағы жоспар туралы баяндады.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, биыл қардың аз түсуіне байланысты елімізде су тапшылығы болуы мүмкін. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев су арналарын цифрландыру жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Алдағы 5 жыл ішінде бүкіл республика бойынша 119 арнаны цифрландыру қажет. Мемлекет басшысына балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаны да айтылды. Қазақстанда 10 жыл ішінде балық өндірісін 9 мыңнан 270 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бар екен. Кездесу соңында Президент Экология, геология және табиғи ресурстар министріне бірқатар нақты тапсырма берді.

Ешкенова Дана