МТРА жаңалықтары

Қазақстанда 2021 жылы халық санағы өтеді

Үстіміздегі жылы Қазақстанда халық санағы өтеді. Бұл жайлы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Биыл өтетін ұлттық санақтың жаңашылдығы – процестің автоматтандырылуында. Науқан 2 әдіспен жүргізілмек. Біріншісі – онлайн, екіншісі – дәстүрлі форматта. Соңғысы қазанның 1-і мен 30-ы аралығын қамтиды. Бұл ретте мамандар тұрғындармен тілдесіп, тиісті мәліметті планшетке енгізеді. Санақ жүргізу аяқталған соң заманауи құрылғылар мектептерге берілмек.

Қайрат Келімбетов – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы:

– Бірінші жолы – sanaq.gov.kz сайтында интернет сауалнама жүргізу. Ол виртуал көмекші арқылы, қай жерде отырғанына қарамастан, өзі және отбасы жайлы санақ парағын толтыруға болады. Екіншісі – дәстүрлі аралау. Бұлар онлайн режимде санаққа қатыспаған азаматтардың баспаналарын санитарлық нормаларды сақтай отырып, аралау. Бұл шараларды қазанда өткізу жоспарланып отыр.

Бисенова Жанна