МТРА жаңалықтары

Техникалық реттеу және метрология комитетінің жергілікті департаменті өткен жылды қорытындылады

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаменті өткен жылды қорытындылады.

Мамандар 10 субъектіге мемлекеттік бақылау жүргізіп, 6 бұзушылық анықтаған. Сондай-ақ, жыл бойы прокуратура органдарымен бірлесіп жұмыс істепті. Нәтижесінде шетелдік өнімді сертификаттау жөніндегі органдар берген сәйкестіктерді растауға қатысты 1 мыңнан астам құжаттың қолдану аясы жойылып, айыпты тұлғаларға 37 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Бифинг барысында “Техникалық реттеу туралы” заңына енгізілген өзгерістер де сөз болды. Бұл ретте сертификаттау жөніндегі құжаттар электрондық форматқа көшіріліп, онлайн режимде қадағаланатын болады.

Бейбіт Әбілев – ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Тапсырманы орындау үшін Техникалық реттеу және метрология комитетінде жедел жұмыс тобы құрылды. Жұмысқа барлық мүдделі ұйымдар қатысты. Мысалы, “Атамекен” кәсіпкерлік палатасының бастамасымен бизнес қауымдықтары және көптеген ассоцияциялар.

Бисенова Жанна