ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ұлттық комиссия отырысын өткізді

Аптадағы маңызды жаңалықтар

19:10 29 Қаңтар 2021

Кеше елімізде латын графикасына негізделген жаңа әліпби нұсқасы ұсынылды. Осыған орай елордада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді.

Шара барысында әліпбиді жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы сөз қозғалды. Айта кетейік, жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, ол тек латын әліпбиінің базалық жүйесіндегі таңбалардан құралған. Мұнда қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған. Әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығына жоспарланып отыр. Үкімет басшысы өз кезегінде латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Асқар Мамин – ҚР Премьер-Министрі:

– Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етеді. Алдағы уақытта қазақ тілін латын графикалы әліпбиге кезең-кезеңімен көшіру бағытында қарқынды жұмыс жүргізу керек.

 

 

 

Бердимурат Баймухан

 

Бұдан әрі оқыңыз

Тимирязев ауданының әкімі Нұрлан Кеңесов есеп берді
Өңір басшысы онлайн-қабылдау өткізді
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын қайда жұмсамақшы?
Өңірде барлық бағыттағы жолдар жабылды
Тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесі
Өткен тәулікте 42 солтүстікқазақстандық вирус жұқтырған
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қалай тойланады?
Қала әкімі Болат Жұмабеков өткен жылды қорытындылады
Ақпанның 13-інен карантин жеңілдетіледі
Өңірде коронавирусқа қарсы вакцинаны егу науқаны басталды
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов депутаттар алдында есеп берді
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов есеп берді