Спорт

Құлагерліктер қарсыластарын қапы қалдырды

Қазақстан кубогы аясындағы елордалықтарға қарсы өткен матч құлагерліктердің пайдасына шешілді. Кеше Петропавлда жергілікті “Qulager” мен нұр-сұлтандық “Номад” командасы күш сынасты.

Бұл ойында теріскейліктердің асығы алшысынан түсті. Солтүстікқазақстандықтар қарсыласты 6 да 1 есебімен тізе бүктірді. Көзге түскендер: Дмитрий Исмагилов, Алберт Вишняков, Станислав Логинов және Евгений Попитич хет-трик авторы атанды. “Qulager” хоккей клубының келесі бәсекелесі –
көкшетаулық “Arlan”. Бұл жолы жерлестеріміз қонақта ойнамақ. Матч қаңтардың 30-ына белгіленген.

Евгений Попитич – “Qulager” ХК шабуылшысы:

– Ойын ойдағыдай өтті. “Номад” – өте тәжірибелі команда. Соған қарамастан біздің құрамамыз көп шайбы соқты. Әрине, бұл баршамызды қуантады. Бүгін тыңғылықты дайындықтың арқасында жеңіске жеттік.

 

 

 

Алдияр Айтпаев