МТРА жаңалықтары

ForteBank өз клиенттеріне бағалы сыйлықтар тарту етуде

Карта ашып, құнды сыйлық ұтып ал! ForteBank-тің жергілікті филиалы  өз клиенттері арасында ұтыс ойынын өткізіп жатыр. Жолы болған жерлестерімізге бағалы дүниелер мен ақшалай сертификаттар табысталуда.

Рустам Гайнутдинов – ForteBank-тің клиенті. Өткен жылдың қарашасында аталған қаржы ұйымынан карта ашқан. Ай сайынғы табысы осыған түсіп тұрады. Заман игілігін белсенді түрде қолданатындықтан жақында ForteBank-тің өкілі қоңырау шалыпты. Маман Рустам Гайнутдиновқа смарт-сағат ұтып алғанын айтып қуантқан.

Рустам Гайнутдинов – «ForteBank» АҚ клиенті:

 – Бірінші рет банк өкілі қоңырау шалып, сіз смарт-сағат ұтып алдыңыз дегенде сенген жоқпын. Мен, бұл – алаяқтардың айла-амалдары деп ойладым. Кейін, тағы да хабарласып, филиалға шақырды. Сөйтіп, осы жерге келдім. Шынымен де сыйлық ұтып алыппын. Өте қуаныштымын. Себебі, өз басым сағатты ұнататын жанмын. ForteBank-ке алғысым шексіз. Барлық адамдарды осы қаржы ұйымының клиенті болуға шақырамын!

Рустам Гайнутдиновтан бөлек, тағы 3 жерлесіміздің жолы болды. Оларды ForteBank Жаңа жылмен құттықтап, тұрмыстық техника сатып алу үшін жеңілдік ретінде 50 мың теңгенің сертификатын сыйлаған. “ForteBank” АҚ облыстық филиалының директоры Диас Қазыбаевтың сөзінше, мұндай ұтыс ойындары қаржы ұйымында жиі өткізіліп тұрады. Сонда акцияға қатысып, құнды сыйлық алу үшін не істеу керек?

Диас Қазыбаев – «ForteBank» АҚ СҚОФ директоры:

– Ұтыс ойындарына қатысу үшін бірінші кезекте ForteBank-тің клиенті болуыңыз қажет. Бұл ретте біздің қаржы ұйымынан карта ашып, онымен кемінде 3 мың теңгеге төлем жасаса жеткілікті, бірден акция қатысушысы атанады. Шара соңында жүлдегерлерге арналған бағалы сыйлықтарымыз бар.

Енді сыйлықтарға келейік. ForteBank VISA компаниясымен бірігіп, 2 апта сайын “Apple watch” смарт-сағатын ойнатады. Ол аз десеңіз, айына бір рет белсенді клиеттеріне “iphone12” ұялы телефонын сыйлайды.

Диас Қазыбаев – «ForteBank» АҚ СҚОФ директоры:

 – Сонымен қатар, біздің банк “mastercard” компаниясымен әріптестік орната отырып, бағалы сыйлықтар ойнатуда. Біз клиенттерімізге 50 мың теңгелік – 30, 500 мың теңгелік 3 бірдей сертификат әзірлеп қойдық. Алғашқысы әр 2 апта сайын ойнатылады. Ал соңғы аталған жүлдені бір айда бір рет ұтып алуға болады.

Жалпы, «ForteBank» акционерлік қоғамы Қазақстандағы жетекші банктердің бірі болып табылады және қаржы нарығында 20 жылдан астам уақыт сәтті жұмыс істеп келеді. Облыс орталығында аталған қаржы ұйымының филиалы мен бір бөлімшесі бар.
Флаги блока:

Ешкенова Дана