Қоғам

Рухани-адамгершілік тәрбие – жемқорлықтың алдын алудың негізі

«Рухани-адамгершілік тәрбие – жемқорлықтың алдын алудың негізі». Бүгін осындай атаумен облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің алаңында тікелей эфир өтті.

Онлайн кездесуге облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы мен теолог Арман Нұртазин қатысты. Дін өкілі мен маман әр істің түптамыры тәрбиеде жатқанын айтты. Яғни, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу қажет дейді. Бойына адамгершілік қағидаларын сіңіріп, ешкімнің ала жібін аттамау туралы, үлкендерді сыйлаудың маңызы жайлы жиі айтып отырса, кейін сол бала ер жеткенде жемқорлықтан да қашық жүреді. Айтуларынша, кейбір жандар балаларын кеш тәрбиелеп жатады. Осы орайда алдағы уақытта өңірде жастарға арналған «Сабыр» ұйымы ашылмақ. Онда ұл-қыздарға рухани тәрбие мен адами қасиеттер жайлы кеңінен айтылмақ. “Бұл жемқорлықтың алдын алуға септеседі”,- дейді теолог Арман Нұртазин.

Арман Нұртазин – теолог:

– Рухани тәрбие – жемқорлықтың алдын алудың негізі деп есептеймін. Қазақта жақсы сөз бар: “Сабыр түбі – сары алтын” деген, сол себепті, ұйымның атын “Сабыр” деп қойдық. Қазы мен шешім шығарушы адам ашуланып шешім қабылдамайды. Өйткені, ол қате болады. Әр іске сабырлық керек. Жастарды сабырлыққа тәрбиелеп, баулу керек.

 

 

 

 

Казиканова Алтынай