Медициналық масканы дұрыс қолданып жүрміз бе?

COVID-19: Қазақстан

20:40 28 Қаңтар 2021

Өткен тәулікте 117 солтүстікқазақстандықтың бойынан коронавирус инфекциясы табылды. 80-ге жуығында ауру белгілері анық байқалады. Қалғанында – симптомсыз түрі. Ақ халатты жандар тұрғындарды барынша сақтанып, қауіпсіздік шараларын естен шығармауға шақырады.

Медициналық маска тағу, қолды антисептикпен өңдеу, көпшілік орындарда арақашықтықты сақтау. Бұл қарапайым санитарлық ережелер баршамызға таныс. Бірақ, талаптарды орындамайтындар, тіпті, көзге ілмейтіндер де қоғамда кездеседі. Ал солтүстікқазақстандықтар коронавирустан қалай қорғануда? Тұрғындар қауіпсіздік шараларын қаншалықты сақтап жүр? Сұрап көрдік.

– Маскамызды тағып, қолымызды жиі жуып жүреміз.
“Дені саудың – жаны сау демекші”, әркім өзінің денсаулығын ойлау керек.

– Әр адам міндетті түрде санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. Дұрыс тамақтанып, иммунитетті нығайтуды да естен шығармау керек. Сол кезде адамды қауіпті індет жеңе алмайды.

– Біз міндетті түрде дәрумен қабылдаймыз. Және жеміс-жидек, көкөністі де күнделікті түрде тұтынамыз. Таза ауада көбірек серуендеуге тырысамыз.

“Тәжді вирустан қорғайтын басты құрал, яғни медициналық масканы қолдану кезінде де кейбір ережелерді ескерген жөн”,- дейді дәрігерлер. Нақтырақ айтсақ, бетпердені 2-3 сағат сайын ауыстырып отыру қажет. Егер ол матадан жасалған болса, онда міндетті түрде сабындап жуып, үтіктеу керек.

Светлана Кашенцева – №1 қалалық емхананың бас дәрігері:

– Қазір көпшілік медициналық маска тағуды әдетке айналдырды. Алайда, бастапқы кеңезде біздің пациенттеріміздің арасында коронавирустың барына сенбей, бетперде тақпайтындар да кездесті. Медициналық құрал індет жұқтыру қаупін төмендетеді. Сондықтан, баршаңызды немқұрайлық танытпай, алдын алу шараларын сақтауға шақырамын! Және қолды жиі жуып, антисептикпен өңдеуді де естен шығармаңыздар!

Жуырда коронавирустың таралуы бойынша Солтүстік Қазақстан “қызыл аймаққа” өтті. Бойында ауру белгілері расталған жандар стационарларға жатқызылуда. Өңірде шектеу шаралары біршама күшейтілді. “Мұндай кезде санитарлық нормаларды сақтаудан бөлек, әр адам өзінің иммундық жүйесіне де аса мән беру керек”,- дейді ақ халатты абзал жандар.

Светлана Кашенцева – №1 қалалық емхананың бас дәрігері:

– Қалыптасқан иммундық жүйені сақтап немесе оны көтеру үшін күнделікті дәрумендер қабылдаған жөн. Қазір қыстың екінші жартысы басталды. Яғни, адамның бойында жаз бойы жиналған дәрумендер ақырындап таусыла бастайды. Сол себепті, “В”, “С”, “Е” тобындағы витаминдерді міндетті түрде қабылдау керек. “Д” дәруменін де ұмытпаған жөн. Бұларды кез келген дәріханадан сатып алуға болады. Аталған дәрумендер жеміс-жидек, көкөніс пен кейбір тағамдарда болады.

Қауіпсіздік шараларын сақтау өзіміз үшін ғана емес, айналамыздағы жандар үшін де маңызды екенін естен шығармайық!

 

 

 

 

 

 

 

Казиканова Алтынай

 

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірде “Ashyq” қосымшасы пилоттық режимде іске қосылды
СҚО-да 1 жарым мың адам вакцина қабылдау курсын толық өтті
СҚО-да соңғы тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырған
Сәуірдің 16-сына дейін өңірге 18 мың доза вакцина жеткізіледі
Сақтықта қорлық жоқ
СҚО-ғы коронавирустық инфекция бойынша эпидахуал
2700 солтүстікқазақстандық толық вакциналаудан өтті
«Nur Otan» партиясының өкілдері вакцина салдыруда
СҚО-да соңғы тәулікте коронавирус 17 адамның бойынан табылды
СҚО-дағы эпидахуал
СҚО-да 2700 адам вакцинаны толық қойдырған
Өткен тәулікте 16 солтүстікқазақстандық вирус жұқтырған