COVID-19: Қазақстан

Президент: “Егер жақсы нәтиже көрсетсе, қазақстандық вакцинаны өзім де салдырамын”

“Егер жақсы нәтиже көрсетсе, қазақстандық вакцинаны өзім де салдырамын”! Кешегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, бүгінде отандық “QazCovid-in” атты өнім сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Сынақ жақында аяқталмақ. Кейін арнайы топқа енген отандастарымызға екпе салу науқаны бастау алады. Жиында мемлекет басшысы қазір бірқатар өңірде тиісті жұмыстардың жөнді жүргізілмей жатқанын мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Дайындық жұмыстарын талдау кезінде вакцинаны сақтауға арналған салқындатқыш жабдықтардың жетіспейтіні анықталды. Бұл мәселе бойынша аса күрделі жағдай БҚО, Маңғыстау және Түркістан облыстарында байқалады.

 

 

Култанов Байболат